Бейсенбі, 18 шiлде, 12:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№56-2066
16.07.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде

21.06.2024

720 0

Бүгінгі таңда Қызылорда қаласында халықты баспанамен қамту көрсеткіші артып келеді.

Өткен жылы тұрғын үй құрылысын дамыту мақсатында өңірімізде алғаш рет Сол жағалау тұрғын ауданынан 504 пәтерді құрайтын 7 қабатты 6 тұрғын үйдің құрылысы басталған болатын. Қазіргі таңда негізгі құрылыс жұмыстары аяқталып, абаттандыру, сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, Сол жағалаудан 470 пәтерді құрайтын 10 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталды, бүгінде абаттандыру жұмыстары жалғасуда.

Жоспардың бірі, 84 пәтерлі жеті қабатты 10 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын жүргізуге жоба-сметалық құжаттары әзірленуде. Бұдан бөлек, жыл соңына дейін мыңнан аса пәтердің құрылысын аяқтап, пайдалануға берілетін болады.

 

 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: