Жексенбі, 28 сәуiр, 06:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада «Уылдырық» іс – шарасы барысында 20 құқық бұзушылық дерегі анықталды

27.04.2023

528 0

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің нұсқауына сәйкес, қала аумағында көктемгі балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбею кезінде «Уылдырық» атты жедел – профилактикалық іс-шарасы өтті.

Шара барысында учаскелік полиция инспекторлары мен табиғатты қорғау тобы және жануарлар дүниесін қорғау қызметкерлерімен бірлесіп қала аумағына қарасты су орындарында заңсыз балық аулауды болдырмау, жолын кесу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Іс-шара кезінде барлығы 20 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде, ӘҚБтК-нің 383-бабымен (балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) 18 дерегі, 382-бабымен (Жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу) 2 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, жауапкершілікке тартылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: