Жұма, 03 мамыр, 20:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу қойылды

26.02.2023

881 0

ҚазАқпарат – Қызылорда облысында «Самара-Шымкент» тасжолының бірқатар бөлігіне шектеу енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облысының Арал ауданы аумағында ауа райы нашарлап тұр.

«Осыған байланысты «Қазақавтожол» ЖШС жолдаған хатына сәйкес елорда уақытымен 23.30-дан бастап республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1240-1357 шақырым аралығында жүк автокөліктерінің қозғалысына уақытша тыйым салынады», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

Еске салсақ, бұған дейін 26 ақпанға арналған ауа райы болжамы жарияланған еді.

Онда Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталатыны айтылған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: