Жексенбі, 05 мамыр, 00:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Қызылордадағы мектепке жарылғыш зат қойылған: Полиция түсініктеме берді

24.04.2023

572 0

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары мен қызметкерлері жаппай мектеп аумағынан шығып кетті. Әуелде «төтенше жағдайға байланысты оқу-жаттығу жиыны өтіп жатқан болар» деп ойладық. Осыған орай, Қызылордадағы ең үлкен көшелердің бірі С.Бейбарыс та уақытша жабылды, – деп хабарлады HalyqLine.kz .

Көшенің жабылуын Қызылорда облысының полиция департаменті былайша түсіндірді: «Қазіргі уақытта Қызылорда қаласында полицияға түскен хабарлама бойынша тексеру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты С.Бейбарыс көшесінің уақытша жабылғандығын хабарлаймыз.

Облысымыздың қонақтары мен тұрғындарынан автокөліктердің қозғалысындағы уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды, сабырлық сақтауды және тек ресми ақпаратты ғана басшылыққа алуды сұраймыз», – деді Қызылорда облысының полиция департаменті.

Кейінірек Қызылорда облыстық полиция департаменті Facebook желісінде толығырақ ақпарат жариялады.

«Полиция мектепте жарылғыш құрылғы салынғаны туралы хабарлама бойынша тексеру жүргізіп жатыр
24 сәуір ”Қызылорда қаласындағы мектептердің бірінде ғимаратқа жарылғыш құрылғы салынғаны туралы“ полицияға хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына шұғыл түрде жедел қызметтер келді. Ғимараттан адамдар эвакуацияланып, тексерілді: тыйым салынған заттар мен жарылғыш құрылғылар табылмады.


Қызылорда облысының ПД қылмыстық құқық бұзушылық болып табылатын терроризм актісі туралы жалған хабар бергені үшін жауапкершілік туралы ескертеді, ол үшін ҚР ҚК 273-бабында жаза көзделген. Осы бап бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», – делінген департамент хабарламасында.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: