Бейсенбі, 18 шiлде, 12:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№56-2066
16.07.2024
PDF мұрағаты

Қызылордадағы паркте өрт шықты

16.06.2024

714 0

Бүгін қалалық парк өртке оранды. Оқиға қалалық парк ауласындағы «Kitch33n» кафесінде орын алған. Бұл туралы aqmeshit-aptalygy.kz ақпарат агенттігі ТЖД сілтеме жасап хабарлайды.

ТЖД мәліметінше өрт сағат 04:46 минут өткенде Қазыбек би көшесі н/з, қалалық парк ауласында, жалпы ауданы 56 шаршы метрді құрайтын «Kitch33n» кафесінің ауданы 7,5 ш.м. асхана бөлмесінің төбе жабыны және жиһаздары өртенген. Өрт сағат 04:55 минут өткенде оқшауланып, сағат 04:59-да толық сөндірілді. Оқиға орнынан 1 дана 50 литрлік газ баллоны шығарылды.

Оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда.

Айта кетейік өрт сөндіруге ТЖД 18 қызметкер және 4 бірлік техникасы, АМО 4 қызметкер және 1 бірлік техника мен ДП 2 қызметкер және 1 бірлік техника және КРЭК 2 адам және 1 бірлік техникасы келді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: