Жексенбі, 26 мамыр, 19:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№41 – 2051
25.05.2024
PDF мұрағаты

Қызылжарма: Атқарылған жұмыс қандай? Биыл қандай жұмыс атқарылады?

20.02.2023

447 0

Бүгін баспасөз орталығында өткен брифингте Қызылжарма ауылдық округінің әкімі Медет Сейілов 2022 жылы Қызылжарма ауылдық округінде атқарылған жұмыстар туралы баяндады.


Өткен жылы ауылдық округтегі 17 көшеге тас төселіп, Әл-Фараби көшесінен Қарауылтөбеге баратын 1,6 шақырым жолға асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, шет аймақта орналасқан 12 көшеге 400-ге жуық электр бағаналары мен Қызылжарма-1 және Қызылжарма-2 тұрғын аудандарына 6 жинақтық трансформаторы орнатылды. Ауылдық округті аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында 3 дана дренажды су бұрғылау ұңғымасы (скважин) салынып, пайдалануға берілді.

Биыл «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы аясында ауылдағы 23 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілмек. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Абай көшесінің бас жағына, бұдан бөлек, Қызылжарма-1 және Қызылжарма-2 тұрғын ауданындағы 20 көшеге тас төсеу жұмыстарын жүргізу жалғаспақ. Бұдан бөлек, Сайлыбаев пен Меңлібаева көшелеріне түнгі жарық шамдарын орнату жұмыстары қолға алынады, – деді ауылдық округ әкімі.


Ауылдық округте жеке кәсіп бастауды мақсат еткен тұрғындардың басым болуынан өткен жылы ауылда 76 кәсіпкерлік субъектісі ашылып, кәсіпкерлік нысандар саны 446-ға артқан. Түрлі мемлекеттік бағдарламалардың қолдауымен 190 млн. теңгені құрайтын 85 жоба қолдау тауып, соның нәтижесінде 227 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Ал, биыл жеке кәсіпкер Сұлтанбек Сексенбаевтың демеушілігімен спорт кешеннің құрылысы бастау алды.


Айта кету керек, округтегі Батырбаев және Сексенбаев көшелерінің қиылысына бағдаршам орнату мәселесі де өз шешімін тауып отыр, бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды. Мердігер мекеме анықталғаннан кейін бағдаршам орнату жұмыстары басталмақ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: