Бейсенбі, 25 сәуiр, 11:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылжарма: Берекелі тірлік орнаған ауыл

16.11.2022

679 0

Соңғы жылдары қалаға іргелес жатқан Қызылжарма ауылдық округінде халық саны артып келеді. Бүгінде округте көгілдір отын, ауыз су, аяқ су мәселесі оң шешімін тапқан. Сондай-ақ жол мәселесі де жыл өткен сайын реттелуде.

Қызылжарма ауылдық округінің әкімі Медет Сейіловтің айтуынша, округтегі коммуналдық сала бұрынғыдан әлдеқайда ілгерілеген. Атап айтсақ, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында жергілікті бюджеттен бөлінген 7 млн 950 мың теңгеге Сайлыбаев және №4 А көшелеріне тас төсеу жұмыстары істелді. Сондай-ақ, «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ арқылы шет аймақта орналасқан 12 көшеге 400 – ге жуық электр бағаналары мен Қызылжарма-1 және Қызылжарма-2 тұрғын аудандарына 2 жинақтық трансформаторы орнатылып, электр желілерін тарту жұмыстары жүргізілген.

Шағын кәсіпкерлік те өрістеп келеді. Қазіргі таңда ауылда тіркелген 433 кәсіпкерлік нысан бар. Өткен жылмен салыстырғанда жаңадан 63 кәсіпкерлік субьектісіне көбейіп, 151 адам жұмыспен қамтылған. Жалпы, 2022 жылдың 10 айында Қызылжарма ауылдық округі бойынша 77 жоба қолдау тауып, барлық қаржы инситуттарынан 153,1 млн теңге қаражат алынып, жұмыстар жасалуда. Оның 58 жобасы «Бастау Бизнес» қайтарымсыз гранты арқылы жүзеге асуда. Сондай-ақ, халықпен кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан көтерілген Р.Батырбаев және Қ.Сексенбаев көшесінің қиылысына бағдаршам орнату мәселесі бойынша жоба сметалық құжаттары жасалып, қаражатқа ұсыныс берілген.

Сонымен қатар, Қарауылтөбе ауылдық округіне баратын жолдың құрылысы бітті. Орташа жол жөндеу, асфальт төсеу жұмыстарымен «Қызылорда жолдары» ЖШС мердігер мекемесі  айналысты. Құрылысқа 87 млн теңге қаражат бөлінді. Айта кету керек ауылдағы 8 көшеге тас төселді.

«Балалар жылына» орай Досхожин көшесінде балалар ойын алаңы салынды. Бүгінде «Сапақ» ӨК мердігер мекемесінің директоры Бекболат Есанов өз қаражаты есебінен құны 17,5 млн теңгені құрайтын құрылысты аяқтады. Қасына қосымша спорттық «Воркаут» алаңы салынды. Осылайша жеке кәсіпкер көптен күткен Қызылжарманың кішкентай бүлдіршіндеріне тосын сыйын тарту етті.

Ауылда алда атқарылар жұмыстардың жеткілікті екенін де айта кету керек. Мәселен, округтегі шет аймақ болып саналатын Қызылжарма-1 және Қызылжарма-2 тұрғын ауданына 28 шақырым электр желісін, 24 шақырым ауыз су құбырларын, 32 шақырым газ құбырларын тарту мәселесі кезек күттірмейді. Қалалық құрылыс бөліміне аталған аумақтарда инфрақұрылым жүйелерін дамыту мақсатында ұсыныс беріліп, алдағы уақытта аталған бөліммен бірге жоба сметалық құжаттарын әзірлеу үшін қаражат қарастырылуда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: