Жұма, 03 мамыр, 07:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

«Отаныма қызмет етемін»

22.10.2022

1095 0

Бірнеше күннен кейін еліміздің Мемлекет басшысы бекіткен ұлттық мереке – Республика күні аталып өтпек. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары туған сәбилер қазір аяқтарына нық тұрған еліміздің гүлденуіне,өркендеуіне өз үлестерін қосып келе жатқан ел азаматтары. Білімі мен отанына деген ыстық ықыласын ел игілігіне арнап жүргенҚызылорда қалалық Полиция басқармасында қызмет жасайды. Солардың бірі Ануарбекұлы Серік. Ол Полиция басқармасының жедел криминалды полиция бөлімінің аналитикалық – ұйымдастырушылық тобының аға жедел уәкілі, полиция капитаны.
​Ішкі істер органдарының аса маңызды құрылымдарының бірі – қылмыстық іздестіру қызметі. Полицияда қылмыстың ашылуына, қылмыскерлерді құрықтауда жедел әрекет ететін сала қызметкерлерінің рөлі ерекше.


​Ануарбекұлы Серік 1995 жылы 20 мамырда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген.Еңбек жолын Қызылорда қалалық Полиция басқармасына қызметке орналасып, адал қызмет атқару жолында ант берді. Құқық қорғау саласында 2013 жылдан бері қызмет етіп келеді. Елдің тыныштығын ойлау мақсатында, өзінің білімділігінің арқасында криминалды полиция бөлімінде қызметін абыройлы атқаруда.


Жедел уәкілдің еңбегі оңай емес, зор жауапкершілік пен шыдамдылықты талап етеді. Десек те, қызмет барысында алдына қойған мақсатын қандай жағдайда да жүзеге асыру үшін табандылық танытып, саланың қыр-сырын жетік меңгеруге бар күш-жігерін салады. Саланы қамтитын барлық нормативтік құқықтық актілерді терең зерделеп, білімін шыңдайды. Жүктелген зор міндеттің маңыздылығын әбден түсініп, ауыр да жауапты сәтте ұстамдылық танытады. Жасынан өжет, қылмысқа қарсы күрес жүргізу негіздерін шебер меңгерген жігіт Отан алдында қызмет ету жолында көзге түсуде. Қылмыс әлеміне қарсы күресте көптеген операцияларға қатысып, қылмыстарды ашқан.
Қазақтың нағыз батырларына тән қасиетті бойына жинап, антына адал болған Ануарбекұлы Серік сынды азаматтарымыз ортамызда көп болғай!


​Сонымен қатар, Республика күнінің төл құрдасы ретінде барша отандастарды ұлттық мерекемен құттықап, еліміз аман жұртымыз тыныш болуын тіліп, тәртіп сақшыларына айтулы мереке қарсаңында толағай табыс тіледі.

Қызылорда қаласы ПБ баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: