Жексенбі, 19 мамыр, 22:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

Шаһар көркі коммуналдық саланың жемісі

18.11.2022

418 0

Қызылорда қаласының тазалығы, көркі мен көркемдігі коммуналдық саланың жауапкершілігінде. Қаладағы көрікті нысандардың, түнгі қаладағы жарық пен қаланың тазалығы осы сала мамандарының еңбегінің нәтижесі.

Қызылорда қаласының санитарлық тазалығын қамтамасыз ету бойынша 2022 жылы 780,2 млн.теңге қаражат бөлінген. Бұл қаражат қала көшелерін таза ұстауға, елді мекендегі санитарлық тазалықты сақтау жұмыстарын қаржыландыруға бағытталып, құм мен тұз араласқан қоспа сатып алуға және тұрмыстық қатты қалдықтарды заласыздандыруға жұмсалуда.

 Сонымен қатар, құрамында сынабы бар жарамсыз шамдарды жинау және залалсыздандыру жұмыстарына 9,5 млн.теңге қаражат бөлініп, қазіргі таңда мердігер мекеме тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда.

Абаттандыру жұмыстары бойынша жалпы 2022 жылы 564,0 млн.теңге бөлінген. Атап айтқанда, мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру, машина және механизм қызметі, брусчатканы ағымдағы жөндеу, қоршауларды жуу мен сырлау, ескерткіштерді, су бұрқақтарын, аялдамаларды, аллея мен скверлерді, Қызылорда қаласының паспорттарын, контейнер алаңдарын, бильбордтарды, Президент саябағын, қаладағы балалар ойын алаңдарын күтіп ұстау және ағымдағы жөндеу жұмыстары жатады. Осы аталған жұмыстар бойынша «SKKB Construction» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыстарын жүргізуде.

Ал көгалдандыру жұмыстары бойынша 2022 жылы 427,0 млн.теңге қаражат бөлінген. Атап айтқанда, жасыл екпелерді суаруға арналған насостарды күтіп ұстау бойынша мердігер мекеме жеке кәсіпкер «Кушеков» және арық желілері мен каналдарды тазалау жұмыстары бойынша «Barys2022» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңімпаз атанып, тиісті жұмыстарды атқарып келеді.

Қалада орналасқан талдарды күтіп ұстау, балақтау, ақтау жұмыстары және ұңғымаларды, символдар алаңын күтіп ұстау жұмыстары бойынша «SKKB Construction» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңімпаз атанып, жұмыстарын жүргізуде.

Қызылорда қаласында гүлдер және көгалдарды отырғызу, көшеттерді сатып алу және Қызылорда қаласындағы талдарды химиялық өндеу жұмыстары бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде, мердігер мекемемен келісім шарт жасалып, жұмыстар атқарылуда.

Халық қатысатын бюджет жобасы бойынша 2022 жылға 2 жоба қолдау тапты. Атап айтқанда Қызылорда қаласы Б.Шөкенов атындағы саябақтағы балалар ойын алаңы мен баскетбол алаңын ағымдағы жөндеуге – 9,8 млн. теңге және Қызылорда қаласы Е.Әуелбеков көшесінен скважина бұрғылап, арық жүйелерін қалпына келтіруге – 9,8 млн.теңге қаражат бөлінді. Жоғары да аталған жұмыстар бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстары нәтижесінде жеке кәсіпкер «Тулешов» жеңімпаз атанды.

Қалалық арық жүйелерін аяқ сумен қамтамасыз ету үшін Қызылорда қаласына 26 дана барлау өндірістік ұңғымасын орнату жұмыстарын жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге және мемлекеттік сараптамадан өткізуге облыстық бюджеттен 98 млн. теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізіліп, нәтижесінде «Казгипроводхоз» өндірістік коперативі жеңімпаз болып танылды.

Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы және экологиялық ахуалы Сырдария өзені бассейнінің кепілді сумен қамтамасыз етілуіне тікелей тәуелді.

Осыған орай, күрделі болып отырған аяқсу мәселесі бойынша Қызылорда қаласында су тапшылығының алдын алу мақсатында, барлығы 458 млн. теңгені құрайтын 31 дана техникалық ұңғымалар орнату бойынша жұмыстар толығымен аяқталды.

Оның ішінде қалаға  12 дана және қалаға қарасты кент, ауылдық округтерге 19 дана техникалық ұңғымалар «Бақ – Береке» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен орнатылды.

Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі – деген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Осыған орай, облыс әкімі мен жеке кәсіпкерлердің қолдауымен Қызылорда қаласында 50 дана спорт және балалар ойын алаңдары салынады деп жоспарланған.

Қазіргі уақытта 37 ойын спорт және балалар ойын алаңдары салынуда. Оның ішінде 17 дана спорт және балалар ойын алаңдарының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Аслан НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: