Бейсенбі, 28 наурыз, 23:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Синоптиктер 1 ақпанда ауа райы қандай болатынын айтты

01.02.2021

6371 0

Қыстың соңғы айының бірінші күнінде республиканың басым бөлігінде күн ашық болады деп болжанып отыр

Республикасының басым бөлігінде антициклон әсері әлі де сақталатындықтан күн ашық болады. Тек Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында жауын-шашын жауып, жел күшейеді.

Республика бойынша кей жерде тұман түседі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болады.

Жамбыл облысының кей жерінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Түркістан облысының кей жерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді деп болжанып отыр.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерде желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с-ке дейін күшейіп, күндіз бұрқасын жүреді.

Ақмола, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында тұман түседі.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші 18-23, екпіні 28 м/с болады, дейді мамандар.

Нұр-Сұлтанда дүйсенбі күн бұлтты, жауын-шашын болмайды. Күндіз ауа температурасы – минус 6-8 градус.

Алматыда ауа райы құбылмалы болады. Күндіз ауа температурасы +5+7 градусқа дейін көтеріледі.

Шымкентте ертең күн бұлтты, жауын түсуі мүмкін. Күндіз ауа температурасы +8+10 градус болады деп болжанып отыр, желдің күші секундына 13 метрге дейін жетуі ықтимал.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: