Бейсенбі, 24 қазан, 09:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№84-2094
22.10.2024
PDF мұрағаты

Синоптиктер аптап ыстық болатынын ескертті

19.06.2024

663 0

Сурет: vestnik.az

Қазгидромет өкілдері алты өңірде аптап ыстық болатынын ескертті, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Синоптиктер Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының 19 маусымға болжамын ұсынды.

«Солтүстікте, орталықта, оңтүстік-батыста антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. ҚР аумағының қалған бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдер өз ықпалын сақтап қалады – найзағаймен жаңбыр жауады, елдің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, батыста, оңтүстік-шығыста бұршақ, дауыл күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді деп күтіліп отыр», – делінген хабарламада.

Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында ауа райы тұрақты болса, Қостанай облысының оңтүстігінде қатты жылу күтіледі.

Маңғыстау облысында, Атырау, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде өте қатты ыстық сақталады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: