Жұма, 29 наурыз, 04:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Сол жағалауда: «Гүл бульвары», зәулім үй…

05.06.2021

1925 0

Өңірімізде Сырдария өзенінің сол жағалауын дамыту жобасы 2017 жылдан бастап жүзеге асып келеді. Осыған дейін жеке инвесторлардың қаражаты мен мемлекет бюджеті есебінен 53 көпқабатты тұрғын үй бой көтерді. Сондай-ақ бірқатар әлеуметтік нысандар, көше-жол торабы, сыртқы және ішкі инженерлік инфрақұрылымдар, екі көпірдің құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді. Ал алдағы кезеңде біршама әлеуметтік нысандар мен 9-12 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізу көзделуде.

Осыған орай аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалы­ғымен қаланың сол жағалауын дамыту жобасын жүзеге асыру мақса­тында облыстық штабтың ал­ғашқы отырысы өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, қала әкімі және басқарма басшылары қатысты.

Жиын барысында облыстық құ­рылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Бердияр Пірімбетов саладағы соңғы 4 жылда атқарылған жұмыстарға тоқталды. Сонымен бірге сол жағалаудан бой көтеретін жаңа нысандардың негізгі ерекшеліктерін атап өтті.

Басқарма басшысының мәлім­деуінше, биыл республикалық бюджет есебінен 590 пәтерді құрайтын 12 арендалық тұрғын үй пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл мақсатта тұр­ғын үйлер мен инженерлік желілерінің және абаттандыру жұмыстарына қар­жы толығымен қаралған. Одан бөлек, алдағы уақытта 9 және 12 қабатты тұрғын үйлердің құрылысын салу жоспарлануда.

Келесі жылы сол жағалаудан көгал­дағы хоккей, физика-матема­тикалық бағыттағы жаңа мектеп, көпсалалы аурухана, облыстық қан орталығы, әкімшілік ғимараттар салынбақ. Сон­дай-ақ салтанат сарайы мен әлеу­меттік базар құры­лысы бой көтермек. 

Штаб отырысында облыс әкімі сала басшыларына бірнеше тапсырма жүктеді. Сол жағалауда жоспарланған әрбір нысанның инженерлік инфра­құрылыммен толықтай қамтамасыз етуді және жол сапасын қадағалауға жете мән беруді баса айтты.

Ерекше айта кететін жайт, ал­дағы уақытта сол жағалаудан «Гүл бульвары» салынып, қала көркіне сән қоспақ. Мұнда әртүрлі сәулет фигуралары, жасыл желектер мен гүл композицияларын отырғызу, балалар және ойын алаңдарын, субұрқақтар мен су айдындары қамтылады.

Осыған орай аймақ басшысы қала әкімі Ғанибек Қазантаевқа «Гүл бульвары» құрылысының жоба-сме­талық құжаттарын жыл соңына дейін әзірлеп, құрылысын бастауды қамтамасыз етуді тапсырды. Ал об­лыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Бердияр Пірімбетовке құрылыс ны­сандарына мониторинг жүргізіп,  тоқ­санына бір рет баяндауды жүктеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: