Сенбі, 27 сәуiр, 11:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Көктайғаққа байланысты шұғыл шаралар жүргізілуде

02.02.2023

956 0

Күн райының өзгеруіне байланысты, дала көктайғақ, мұз қатқан. Осыған орай Қызылорда қаласының әкімдігі түннен бастап, көшелерде құм араласқан арнайы қоспа себу жұмысын бастап  кетті.

Көшелер мен жаяу жүргіншілер жолдарындағы мұздарды тазалау жұмыстарына ШЖҚ «Қызылорда су жүйесі» МКК мекемесі тарапынан 26 арнайы техника мен 250 жұмысшы жұмылдырылды. Қала көшелеріне тұз аралас құм себілуде.

Көктайғақтың алдын алу мақсатында түнгі сағат 01:00-ден басталған тазарту жұмыстары 2 ауысыммен жүргізілуде. Ол үшін арнайы кезекшілік кестесі бекітілген. Бірінші кезекте көлік ағыны көп орталық көшелер, әлеуметтік нысандар аумағы тазартылуда. Сондай-ақ арнайы техникалармен жаңбыр суы тазартылып, жаяу жүргіншілерге қолайлы жағдай жасалуда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: