Жексенбі, 28 сәуiр, 04:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Облыс әкімі қармақшы ауданындағы әлеуметтік баспаналарды  көрді

02.08.2023

399 0

          Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қармақшы ауданына жұмыс сапары кезінде халықтың әлеуметтік осал топтарына сатып алынатын 50 тұрғын үйдің дайындығымен танысты.

          Елімізде «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде «Тұрғын үй саласындағы іс-шараларды іске асыру» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарлама аясында биыл халықтың әлеуметтік осал топтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан 50 тұрғын үй сатып алуға Ұлттық қордан Қармақшы ауданына 480млн теңге қаржы бөлінген. Осы қаржыға аудан орталығынан 50 тұрғын үй сатып алу жоспарланған.

          Бүгінгі күні 12 үй пайдалануға беруге дайын. Әрбір пәтердің орташа аумағы 60 шаршы метр.

          Аймақ басшысы қалған үйлерді де уақытылы пайдалануға беріп, дайындық жұмыстарының сапасын жіті қадағалауды тапсырды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: