Сенбі, 27 сәуiр, 12:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Қала әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

27.03.2024

1296 0

         Шаһар басшысы Серік Қожаниязов актив отырысында жаңа аппарат басшысын таныстырды. Бұл лауазымға Тасқараев Мұрат Ибрагимұлы тағайындалды.

         Қала әкімі аппаратының алдында тұрған шешілуі тиіс мәселелерге тоқталған Серік Салауатұлы тағайындалған аппарат басшысына бірқатар міндеттер жүктеді.

         «Мұрат Ибрагимұлы – өзекті мәселелерге терең талдау жасап, жұмыстың тиімділігін арттырып, кадрлық құрамды нығайтып, тәртіпті күшейту керек. Бұл ретте, мемлекеттік қызметте жинаған мол тәжірибеңізбен осы жұмыстарды жоғары деңгейде іске асыратыныңызға сенім білдіремін», -деді шаһар басшысы.

         Мұрат Ибрагимұлы 1989 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.

         Жоғары білімді. Қызылорда гуманитарлық заң колледжін және Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін «Заңгер», «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.

         Еңбек жолын Қармақшы ауданы әкімі аппаратының маманы болып бастаған.

         2010-2011 жылдары Жосалы кенті әкімі аппаратының жетекші маманы, инспекторы, Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің инспекторы болған.

         2011-2020 жылдары Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мемлекеттік сатып алу және құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы, облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының әкімшілік бөлімінің басшысы, Қызылорда облысы әкімі аппаратының бас инспекторы, бас инспектор-облыс әкімі орынбасарының көмекшісі қызметтерін атқарды.

         2020-2022 жылдары Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары, Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы, облыс әкімі хатшылығының бас инспекторы болды.

         2022 жылдың қазан айынан осы кезге  дейін «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығының директоры қызметін атқарып келді.

         Ал, бұған дейін қала әкімі аппаратының басшысы болған Абатов Жасұлан Уәлиұлы облыс әкімінің аппараты басшысының орынбасары лауазымына  ауысуына байланысты қызметінен босатылды. Жасұлан Уәлиұлына шаһардың дамуына қосқан зор үлесі үшін Қызылорда қаласының ең жоғарғы марапаты «Құрмет» грамотасы табысталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: