Сенбі, 27 сәуiр, 16:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада кәсіпкер 200 тонна пенапласт шығаруда

19.04.2023

459 0

Қызылорда қаласында қазір құрылыс саласы қарқынды дамып келеді. Соған сай жергілікті құрылыс өнімдеріне деген сұраныс жоғары. 

Бүгінде жеке кәсібін дөңгелетіп, сол арқылы аймақтың дамуына үлес қосып жүрген «CK AYA-ZHAN» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі пенапласт шығаруда.

Аталған мекеме 2019 жылдан бастап пенопласт және полистирол бетон өндірісімен айналысып келеді. 2022 жылдың желтоқсан айында мемлекеттік бағдарламаның көмегімен, яғни «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы микроқаржы ұйымы арқылы 10 млн. теңгеге қолдау алып, шикізат сатып алған. Бүгінде 20 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

–  Бұл – отбасылық кәсіп. Цехта өндірілген өнімнің қуаттылығы жылына 200 тоннаны құрайды. Пенопласт Ресейден сатып әкелінетін полистирол материалынан өндіріледі. Қыс мезгілінде үйді жылы, жаз мегілінде салқын ұстап тұру үшін құрылысқа қолданатын пенопласт өніміне құрылыс компаниялары мен жергілікті тұрғындардың сұранысы жоғары. Шығарылған пенопласт өнімдерін облыс аудандарына, Түркістан, Жезқазған, Шымкент, Ақтөбе облыстарының тұтынушыларына да жіберудеміз. Алдағы уақытта құрылыс материалдарының барлық түрін шығару арқылы 50 адамды тұрақты жұмыспен қамтуды жоспарлап отырмыз, – дейді мекеме басшысы Нұржан Болатұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: