Жексенбі, 19 мамыр, 11:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

Су шаруашылығы қызметкерлерінің еңбегі ерен

09.07.2022

699 0

Сыр елінің негізгі тіршілік көзі – Сырдария өзенінің суы. Жүздеген жылдар бойы диқан қауымы дариядан тартқан тіршілік нәрімен егінін егіп, тіршілігін жасап келеді. Арнайы су шаруашылықтарының құрылып, жұмыс істей бастағанына ғасыр толып отыр. Сондай-ақ 9 шілде – су шаруашылығы қызметкерлерінің күні. Атаулы мереке біздің елде 2019 жылдан бастап күнтізбеге еніп, содан бері назардан тыс қалмаған.

Кәсіби мерекеге орай қала әкімдігінің мәжіліс залында шаһар басшысы Асылбек Шаменов ай­мақтағы су шаруашылығы қыз­меткерлерін қабылдап, төл мерекелерімен құттықтады.

– Адамзат пен табиғат үйле­сімінде тіршілік көзін реттеп отырған сала қызметкер­лерінің еңбегі ерен. Мамандығына адал­дық танытып, әрбір тамшының ысырап болмауына барын салып, бүгінгі қиыншылықта атқарып отырған жұмыстарыңызға алғы­сымды білдіремін. Құрғақшылық алқымнан алған тұста кенезесі кепкен көлдер мен табанынан шаң бұрқыраған атыздарға Сыр­дың суын үнеммен үлестіріп, Жер-Ана бұлағын байыпты бол­жаммен бағыттаған берекелі істеріңізді халық біледі.

Жылдың төрт мезгілінде дамыл таппай, су бөліп беру шаруасын ұқыптылықпен атқара­тын гидротехник мамандарының тапшы екендігін жақсы білеміз. Дегенмен жауапкершілік жүгін артылған сенім үдесін биік қоя­тын сала майталмандары әр кезде де мәртебе мінберінде болуы тиіс. Бұл салада кәсібіне деген құрметті ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан сала ардагерлері мен мамандарға адал еңбектері үшін ризашылық білдіргім келеді, –  деді қала әкімі.

Сонымен қатар басқосуда қала әкімі «Қызылордасушар» РММ Қызылорда филиалының бірқатар қызметкерін марапаттап, алғыс хат табыстады. Жиын соңында осы салада бірталай жылдан бері еңбек етіп келе жатқан Жорабек Нұрымбетов қала басшысына алғысын біл­діріп, су шаруашылығының бү­гінгі жай-күйіне тоқталды.

Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: