Жұма, 19 сәуiр, 21:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Тамақтану орындарынан келер қауіп болмау керек

24.11.2022

432 0

Бүгінгі күні Қызылордада қоғамдық тамақтану орындарының қатары күн санап көбейіп келеді. Қызмет көрсетудің бұл түрімен айналысушы кәсіп иелері тұтынушыға салауатты және қауіпсіз өнім ұсыну қағидаларын қатаң ұстануы тиіс. Осыған байланысты кәсіп иелерімен арнайы кездесу өтті.

Жалпы Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиолоиялық бақылау қызметінің мамандары осы бағытта қызмет көрсететін кәсіпкерлерге санитариялық ағарту жұмыстарын тұрақты өткізіп келеді. Осындай оқыту семинарының кезекті шарасы ағымдағы жылғы 23 қарашада «Атамекен» кәсіпкерлік палатымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Кездесу жиыны барысында қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар түсіндіріліп, заңнамаға енгізілген өзгерістер барысы талқыланды. Бұдан бөлек, қоғамдық тамақтану орындарымен байланысты болатын жаппай тағамнан улану жағдайларының себептері мен оларды болдырмау жолдары, жедел ішек инфекцияларының облыстағы эпидемиологиялық ахуалы жайлы айтылды. Жыл басынан бері санэпидбақылау қызметімен өнімдердің қауіпсіздігіне жүргізілген мониторинг нәтижелері, Кеден Одағының техникалық регламенттері бойынша азық-түлік өнімдерінен анықталған сәйкессіздіктер де баяндалды.

Қоғамдық тамақтану саласында қызмет көрсетумен айналысатын кәсіпкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға санитариялық дәрігерлер қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жауап беріп, кәсіби кеңестерін айтты.

А.БІРКЕНОВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: