Жексенбі, 28 сәуiр, 03:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Тасбөгет: Жүйелі жұмыс, толымды тірлік жасалды

17.02.2023

718 0

Бүгін қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Тасбөгет кентінің әкімі Семсер Сыздықов 2022 жылы Тасбөгет кентінде атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Өткен жылы кенттің инфрақұрылымын дамыту мақсатында 2,3 млрд теңгеге жуық қаржы бөлініп, бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асқан. Атап айтсақ, 16,0 млн теңгеге кенттегі электр желілері жөндеуден өтіп, 1412 үйге ұзындығы 25 шақырым болатын жаңа электр желісі тартылды, 2 қосалқы станция қойылды. Кенттегі О.Сейітпенбетов және Е.Қосжанов көшелеріне, Сабалақ саяжайының кіреберісіндегі жаңа мектеп алдындағы көшеге асфальт жабындысы ,7 көшенің белгіленген бөліктеріне қиыршық тас төселіп, А.Құнанбаев және Қ. Исмайлов көшелерінің бойына 2 дана аялдама және Наурыз шағын ауданына, С.Мыханов көшесіне көше жарығы орнатылды.

Облыс және қала басшылығының қолдауымен демеушілер тарапынан Тасбөгет пен саяжай аумағына 4 жиынтық балалар ойын алаңы салынды. Бұдан бөлек, кентте Тасарық шағын ауданынан 2 қабатты өнер орталығы, «Ина-Жан Орда» жеке балабақшасының ғимаратын кеңейту мақсатында 100 балаға арналған 2 қабатты ғимарат, «Арғымақ», «Тасбөгет», «Сабалақ» атты өз-өзіне қызмет көрсететін көлік жуу пункттері, «Qyzylorda.vorota» темір өнімдерін жасап шығару цехы, «Bota Tattileri» атты жартылай фабрикат және кондитерлік өнімдер дайындайтын цехы ашылып, наубайхана өндірісі іске қосылды. Әлеуметтік бейімдеу орталығына қызмет алушылар үшін ауданы 17 шаршы метр болатын монша құрылысы жүргізіліп, саябақ жанынан биометриялық зертхана салынуда. Сондай-ақ, 5 қабатты 53 пәтерлі тұрғын үй құрылысы жүруде. – Бүгінде шағын және орта бизнес саласын қолдауға мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлініп отыр. Тасбөгеттік кәсіпкерлер де бұл мүмкіндікті тиімді пайдаланып, түрлі бағдарлама аясында өндіріс, құрылыс, білім, сондай-ақ қызмет көрсету саласындағы өз бизнес-жобаларын табысты жүзеге асыруда. Мәселен, жыл көлемінде кентте жаңадан 173 кәсіпкер тіркеліп, олардың саны 1426-ға артты. Мемлекеттік бағдарламалар аясында өткен жылдың өзінде кәсіпкерлердің 111 жобасы мақұлданып, 634 млн теңгеге қаржыландырылды. Ал, жалпы құны 78,5 млн теңгені құрайтын 61 жоба қайтарымсыз грант ұтып алды. Бұдан бөлек, түрлі әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандар салуға кәсіпкерлер тарапынан кентімізге 2 млрд 6 млн теңге көлемінде инвестиция құйылды. Соның нәтижесінде, кәсіпкерлік нысандарда ашылған жұмыс орындары есебінен барлығы 325 адам тұрақты жұмыспен қамтылды, – деді кент әкімі.

Кент әкімі брифинг барысында саяжайларда атқарылған жұмыстар легіне де тоқталып өтті. Мәселен, өткен жылы Сабалақ, Еңбек саяжайларындағы 1627 үйге ұзындығы 34,6 шақырым болатын электр желілері тартылып, барлығы 13 қосалқы станция орнатылды. «Еңбек» және «Өркендеу» бау-бақша серіктестіктеріне ұзындығы 12,4 шақырымға ауыз су құбыры тартылды. Кент және саяжай аумақтарына 2 дренажды ұңғыма қазылып, «Қаржыгер» бау-бақша серіктестігі аумағына 1 дизельді аяқ су насосы орнатылды. Бұл жұмыстардан бөлек, Сабалақ саяжайында «Bilim Orda» мектебі салынып, 150 орындық Ш. Есенов атындағы №285 қалалық дарынды балаларға арналған мектеп-лицей-интернатының құрылысы жүргізілді. 50 орындық «Айбибі» бөбекжай-балабақшасы және «Dimash Academ Kids» атты 250 балаға арналған оқу орталығы ашылды. Сондай-ақ, «Асқар» сауда орталығы ашылып, биыл монша құрылысы, кеңселік ғимараттар құрылысы жүруде.

– Биылғы жылға да көптеген жоспарлы жұмыстарымыз бар. 2023 жылы мемлекеттік бюджет, демеуші көздер және инвестиция есебінен 2,5 млрд теңгенің жұмыстары атқарылады деп күтілуде. Оның ішінде, Тасбөгет кентіндегі 41 көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізу, «Шауқаман бағын» абаттандыру, денешынықтыру-сауықтыру кешенінің және 5 қабатты 135 пәтерлі тұрғын үй құрылысы сынды жұмыстар қамтылған, – деп қорытындылады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: