Сәрсенбі, 08 мамыр, 09:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Таза Қазақстан – Таза өлке

09.04.2024

1112 0

​Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының басталғаны белгілі. Оның аясында әр аптада бекітілген тақырыптар бойынша аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі.​

Науқанның бірінші аптасы «Таза өлке» атауымен аталып, бүгін ұйымдастырылған игі бастамаға барлық мекеме ұжымдары, үкіметтік емес ұйым өкілдері, еріктілер, қоғам белсенділері мен жастар және тұрғындар белсенді қатысты.​

Акцияға қатысушылар бекітілген аумақтарда тал көшеттерін отырғызып, сквер-аллеяларды тазалап, аяқ су жүретін арық көздерін аршыды. Ал, арнайы мекеме жұмысшылары аялдамаларды, жолаушылар дамылдайтын орындықтарды, бағдаршамдарды жуып, жарық бағаналарын сырлады.​Айта кету керек, 2-ші наурыз бен 4 мамыр аралығына облыс әкімінің өкімімен жарияланған екі айлық санитарлық тазалық, көркейту-көгалдандыру шарасы басталғалы қалаішілік арықтар аршылып, негізгі каналдар тазаланды. 8 000-ға жуық тал көшеттері отырғызылды. Екі айлық аяқталғанша 35 мың түп саялы ағаш егіледі. Жас өскіндерге жаңадан құрылған «Жасыл-Қызылорда» мекемесі күтім жасайды.

Қызылорда қаласының әкімдігі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: