Жұма, 03 мамыр, 10:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Тіл жанашырлары ұлықталған күн

09.09.2023

905 0

«Достық» үйінде қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орайластырылған Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесі аталып өтті.

Шарада облыс әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Байманов құттықтау сөз сөйлеп, облыстағы бірқатар тіл жанашырлары мен сала мамандарын облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, облыс әкімінің, ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің, Тіл саясаты комитетінің Алғыс хаттарымен марапаттады.
Мұнан соң Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы С.Аңсат сөз сөйлеп, «Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық байқауының жеңімпаздарын және мемлекеттік тілді дамыту бағытында белсенділік танытқан және облыс тұрғындарына қазақ тілінде сапалы қызмет көрсетіп жүрген мекеме мамандарын «Үздік этномәдени бірлестік», «Тіл жанашыры», «Үздік қазақтілді кәсіпкерлік нысан», «Үздік қазақтілді қаржылық ұйым», «Үздік қазақтілді ас мәзірі», «Үздік қазақтілді кәсіпкер», «Үздік қазақтілді нотариус» аталымдарымен марапаттады.
Салтанатты жиын жергілікті өнер шеберлерінің концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.


Г. АСҚАРҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: