Сәрсенбі, 08 мамыр, 00:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Тұрғын үй құрылысы қарқынды

18.02.2023

748 0

Кез келген мемлекетте тұрғын үй негізгі мәселелердің бірі болып саналады. Себебі тұр­ғындардың әлеуметтік игілігі олардың тұрғын үймен қамтылуына тікелей байланысты. Жыл арт­қан сайын Қызылорда қаласында жаңа тұрғын үйлер бой көтеріп, қоныстой қатары көбейді. Әрине, бұл – жағымды жаңалық.

Міне, тұрғын үй құрылысы бойынша игі істер биыл да жалғасын таппақ. Бүгінде қала дамудың даңғыл жолына түсті. Мемлекеттік бағдарламалар тиімді жүзеге асып, тың баста­малар сәтті орындалуда. Жыл басында қала әкімі Асылбек Шәменов БАҚ өкілдеріне бри­финг өткізген сәтінде тұрғын үй құрылысының қарқынды дамуын ерекше атап өтті.

Мемлекеттік бағдарламалар­дың игілігі – «Нұрлы жер» бағдарламасымен Сырдария өзе­нінің сол жағалауындағы №2-ші шағын ауданына 10 көпқабатты тұрғын үйдің іргетасы қаланды. Аталған тұрғын үйлерді ин­женерлік инфрақұрылыммен қамтуға бюджеттен 1,2 млрд теңге қаралды. Бүгінде құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Бұған қоса, жеке инвесторлар есебінен 9,9 млрд теңгеге 509 пәтерлі 18 үйдің құрылысы жүргізілуде.

Сонымен қатар осы жылы қалада тұрғын үй құрылысын дамытуға, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жақсартуға Ұлттық қордан, рес­публикалық және облыстық бюджеттерден барлығы 48,0 млрд теңге бөлініп, ірі жобалар жүзеге аспақ.

Атап айтқанда, апатты үй­лердің тұрғындары үшін 140 пәтерлі, Жаппасбай батыр кө­шесінде екі 40 пәтерлі және 60 пәтерлі бір үйдің құрылысына 1,0 млрд теңге бөлінсе, апат­тық тұрғын үйде тұратын от­басыларды баспанамен қамту үшін 40 пәтерлі тұрғын үй сатып алуға 562,5 млн теңге, барлығы 1 млрд 562,5 млн теңге бөлінді.

Оған қоса биыл сол жаға­лаудан 84 пәтерлі 7 қабатты 6 тұрғын үйдің құрылысы басталады деп жоспарлануда. Сондай-ақ «СПМК-70» ауда­нындағы №3 тұрғын үйдің инженерлік инфрақұрылымын толығымен аяқтауға респуб­ли­калық және облыстық бюджеттен 379 млн теңге бөлінген.

Қаладағы көпқабатты тұрғын үйлерді де жаңғырту жұмыстары жалғасын табады. Тиісті сала мамандарының айтуынша, 12 көп­қабатты тұрғын үйді қайта жаң­ғыртуға қаржы қаралып, жұ­мыс қолға алынбақ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: