Сенбі, 04 мамыр, 00:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Тұтынушы талабы қалай сақталады?

06.08.2022

779 0

Қала әкімі Асылбек Шәменов сауда нысандарындағы  кемшіліктерге байланысты кәсіпкерлермен кеңес өткізді. Онда облыс орталығында орналасқан сауда үйлерінің заң талаптарына сай қызмет көрсетуі, халық көп шоғырланатын жерлерде санитарлық талаптың сақталуы секілді күн тәртібіндегі түйіткілді мәселер айтылды. Жиынға қала әкімінің орынбасары, бөлім басшылары мен кәсіп иелері қатысты.

Еліміздің прокуратурасының тапсырмасына сәйкес, облыстық прокуратура құзырлы органдар тарапы қаладағы 7 ірі сауда нысанына кешенді тексеру жүргізген.  Нәтижесінде сауда нысандарында жер, сәулет-құрылыс, өрт қауіпсіздігі, санитарлық-эпидемиологиялық, ветеринария, салық, көші-қон, еңбек және экология салаларындағы заңнамалардың өрескел бұзылу фактілері анықталған.

Қала басшысы орын алған келеңсіз­діктерге байланысты жекелеген сауда нысандары «Сыбаға», «Асбол» және «Мирас», «Жайна», «Айт-Бек» сауда үй­лерінің иелеріне өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу деректері болғанын жет­кізіп, жақын арада қайта қалпына келтіру қажеттігін қаперге салды. 

– Кәсіпкерлердің өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып жүрген үлестері ұшан-теңіз. Дегенмен әлі де шира­тылатын шаруа, атқарылуы тиіс жұмыс көп. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін сақтай отырып, қоғамның өмір сүру сапасына әсер ететін нормаларын қатаң ұстану керек. Соның ішінде кәсіпкерлік нысанның келбеті, тазалығы мен қызмет көрсету сапасы тұтынушы көңілінен шығуы үшін асқан жанашырлық, жан-жақтылық қажет. Қазіргі таңда билік пен бизнес арасында диалог орнады. Кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет тарапынан барынша қолдау жасалуда. Сондықтан осы қалада өмір сүріп, кәсіппен айналысып, табыс тапқаннан кейін өз-өзімізді сыйлап, құр­меттеу мәселесі алдыңғы орында тұруы керек. Туған қаламызды таза ұстап, нысандарыңыздың кескін-келбетін зама­науи талапқа сәйкестендіру керек. Бұл уақыт талабы. Соны назарға аларсыздар және оның орындалуын өз бақылауымда ұстайтын боламын, – деді қала әкімі.

Сондай-ақ шаһар басшысы арнайы қауіпсіздік талаптарын сақтамаған кәсіп­керлік нысандарына қатысты нақты жұмыстардың жүргізілмегендігін атап өтіп, қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Жасұлан Түйменовке ескерту жасады. Қалалық санитарлық-эпидемиоло­гиялық басқармасының басшысы Ерлан Амантайұлына да бірқатар тапсырма жүк­теп, бақылау жұмыстарын күшейту қажет­тігін айтты.

Мәжілісте қала прокурорының орын­басары Бек Тастайбекұлы кәсіпкерлерге құзырлы мемлекеттік органдар базарлар мен сауда үйлерін қандай жағдайда тексере алатыны жөнінде құқықтық кеңес берді.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: