Бейсенбі, 25 сәуiр, 21:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Үздік аула қандай?

27.09.2022

1291 0

«Қала күні» мерекесі аясында шаһарды жасыл-желекке айналдыру бағытындағы жұмыстарға өз үлесін қосқан қала тұрғындарын ынталандыру мақсатында «Үздік аула» байқауын ұйымдастыру бүгінде дәстүрге айналды.

Байқау жеңімпаздарын марапаттауға қала әкімінің орынбасары Ақзира Қасымова арнайы қатысып, аула бағбандары мен көркейтушілеріне қала әкімінің дипломын және қаржылай сыйақы табыстады.

− Қаланың көркеюі мен таза болуы сіздердей жандардың тынымсыз еңбегінің арқасы. Қызылорда қаласын жасыл-желекке айналдыру бағытында туған қалаға қызмет ететін өздеріңіздей жанашыр және белсенді азаматтар қатары арта берсін, – деді қала әкімінің орынбасары Ақзира Бақтыбайқызы.

Биыл бесінші рет өткізілген «Үздік аула» байқауына қатысуға қала­дағы 17 аула тұрғындары өтінім білдірген. Байқау үздіктерінің ішінен мүгедектігі бар жан болғанына қарамастан көгалдандыру ісін қолға алған «Сәулет» мөлтек ауданы №12 үйдің тұрғыны Нина Константиновнаның ауласы комиссия шешімімен басым дауысқа ие болып, жеңімпаз атанды. Ал ІІ орынды атасының бағбандық ісін жалғастырған Жаппасбай батыр көшесі 4 үй тұрғыны Сабина Сәбитқызы иемденсе, ІІІ орын көршілердің ауызбіршілігі үзілмеген «Ақмешіт» мөлтек ауданы №7 үй тұрғыны Мереке Серікболқызына, ІV орын зейнеттегі бос уақытын жұбайымен бірге көгалдандыру ісіне арнаған «Титов» шағын ауданы №30 үй тұрғыны Бисенбек Дүйсенбекұлына бұйырды. Жеңімпаз атанған тұрғын үй ауласына «Үздік аула – 2022» тақтайшасы ілінді.

Шара барысында Қызылорда қаласының тазалығын қамтамасыз етуде тынбай еңбек етіп жүрген тазалық қызметкерлері де марапатталып, қала әкімінің «Алғыс хаты» мен сыйақы табысталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: