Жұма, 17 мамыр, 13:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

Заңсыз орналастырылған жарнамалар алынуда

22.08.2023

686 0

Соңғы кездері жеке немесе заңды тұлғалар, оның ішінде жеке кәсіпкерлер сыртқы жарнама ілудің заңдылық­тарына қарамастан өз қалау­ларынша жарнамаларды іліп, жұмыс істеуде. Олар жар­нама конструкциясының та­залығына, эстетикалық және техникалық жай-күйіне мән бермегеннен бөлек, мем­лекеттік кірістер депар­таментіне салық төлеуден жалтарады. Сонымен қатар заңмен тиым салынған жар­намаларды (алкогольдік, те­мекі-табак өнімдерін,) ор­наластырады.

Осы мәселелерге орай, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі мен мемлекеттік кірістер департа­ментінің қызметкерлері бір­лесе қала көлемінде заң­сыз орналастырылған және шаһардың сәулеттік келбетіне кері әсерін тигізетін сыртқы көрнекі жарнамаларға мони­торинг жүргізді. Нәтижесінде бірқатар кемшіліктер анық­талып, жарнама иелеріне заңға сәйкес тиісті шаралар көрілді.

Бұл ретте, жауапты бөлімге сыртқы көрнекі жарнама нысандарын орналастыруға хабарлама немесе өтініш берілмеген жағдайда, ілінген жарнама рұқсатсыз, яғни  заңсыз, өз бетінше ілінген жарнама болып саналады. Бұл бағыттағы рейдтік жұмыстар күнделікті жүргізіледі.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: