Бейсенбі, 02 мамыр, 05:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

«ЖАЙДАРЛЫ ЖАЗ – 2023» СПОРТТЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ

21.06.2023

753 0

Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ және «Атамекен» отбасылық үлгідегі  балалар ауылының ұйымдастыруымен “Жайдарлы жаз-2023”  қайырымдылық акциясы өтті.

Акцияда Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Шахизат Абдраманова және жеке кәсіпкер, аталмыш шараға қолдау білдірген Айдана Ерболатқызы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жасөспірімдерді спортқа баулу арқылы салауатты өмір салтына деген ынтасын арттыру, рухани даму және елде спорттық ортаны дамытуды көздеген қайырымдылық шара ерекше көңілді өтті. Балалар ауылының 11-16 жас аралығындағы тәрбиеленушілері 4 топқа бөлініп, көңілді спорттың бірнеше бағыты бойынша жарысты.

Сайыс Таныстыру, Кім жылдам?,  Озып көр!,  Секір де жүгір!, Баскетболмен жүгіру, Кім көшбасшы? атты 6 кезеңнен құралды.

Белсенділік танытып, оқ бойы озып шыққан мықтыларға “Қоғамдық келісім” КММ директоры Бақытжан Камаловтың атынан диплом табысталып, жеке кәсіпкер Айдана Ерболатқызы мен өңірлік Ассамблея еріктілері тарапынан сыйлықтар берілді. Барлық қатысушыларға тәтті балмұздақтар таратылды.

Акция соңында «Атамекен» балалар үйінің тәрбиешілері мен оқушылары ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: