Сенбі, 04 мамыр, 15:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Жаңа белес, жарқын үміт, жаңа арман

30.12.2023

696 0

Сурет: Қызылорда қаласының әкімдігі

Облыс орталығындағы Асқар Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде «Жаңа белес, жарқын үміт, жаңа арман» атты мерекелік шара өтті.

Салтанатты шараға арнайы қатысқан  қала әкімі Асылбек Шәменов жыл көлеміндегі жетістіктер мен атқарылған ауқымды жоба­ларға тоқталып, қала тұрғындарын жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

– Жыл тоғысында «өткен жылға өкпе жоқ, келер  жылдан үміт көп» дегенді жиі айтамыз. Расында, бұл жылдың бізге сый­лаған жақсылығы мол. Қос тойымыз қабат келіп, облысымыздың 85 жылдық және шаһа­рымыздың 205 жылдық мерейтойы сал­танатымызға сән қосты. Мерейлі күндермен қатар Тасбөгет кентінің 75 жылдығы мен Ақсуат ауылдық округінің 95 жылдығы той­ланды. Жыл бойы қалада жаңа бастамалар сәтті жүзеге асты.

Облыс орталығында іргелі ғимараттар бой көтерді. Аймақ басшысының қолдауымен «Отбасы орталығы» мен Тасбөгет кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Сонымен қатар 1000 орындық «Өнер орта­лығы» мен облыстық «Қан орталығы» және «Оқушылар сарайының» құрылысы көпке қуаныш сыйлайды деп үміттенеміз. Осылайша қаладағы әлеуметтік-экономикалық мәселе­лер шешішіліп, халық­тың әлеуметтік жағ­дайын жақсартуда маңызды жұмыстар ат­қарылса, ал инженерлік-инфрақұрылымын дамытуда ауқымды істер жасалды. Сондай-ақ жол сапасын жақсарту үшін кешенді шаралар қабылданып, қала қарқынды құрылыс алаңына айналды.

Өткен жыл қала үшін шын мәнінде бір­лік пен берекенің, жаңа жетістіктер мен мүмкіндіктердің, халық қалаған, серпінді жобалардың орындалуымен аса құнды жыл болды. Әрине, әр жаңа жылға енер сәтте жақсылық пен жағымды жаңалық күтеміз. Ендеше келер жылы сол ойымыздағы арман-тілегіміз жүзеге асып, бақ-берекеміз таси берсін, – деді қала әкімі.

Мұнан соң қаланың әлеуметтік-эконо­микалық және қоғамдық-саяси дамуына үлесін қосқан бірқатар азаматқа Қызылорда қаласының «Құрметті азаматы» атағын табысталса, «Жыл үздігі» аталымы бойынша әртүрлі салада жетістіктерге жеткендер марапатталды.

Мерекелік кешке ҚР Еңбек сіңірген әртісі Күлән Қалымбетова, қазақ эстрадасының жұлдызы Кенжебек Жанәбілов және Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжінің камералық оркестрі келді. Одан бөлек «Орда», «Жас толқын» вокалды топтары мен М.Қалауов атындағы өнер мектебінің «Балбұлақ» халықтық балалар үлгілі би ансамблі өнер көрсетсе, «Арайлы» би тобы және «Ақмарал» би студиясы мен «Сырлы саз» халықтық-фольклорлық этно ансамблі және қаламызға белгілі «Дастан» квартеті, «Мереке» вокалды аспаптар ансамблінің әншілері өз өнерін көрсетіп, кеш қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.

 Н.АЛТЫН

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: