Жексенбі, 08 желтоқсан, 11:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Жас аспаздар сайысты

11.05.2022

1376 0

29 сәуір мен 9 мамыр аралығында Qosyl жастар ресурстық орталығы және «Қыз Жібек» мейрамханасының ұйымдастыруымен жас аспаздар сайысы өтті.

Сайыс жас таланттарды анықтап, олардың кәсіби ортасын қалыптастыру арқылы үздіктерін алдағы уақытта тұрақты жұмысқа орналастыруды мақсат етті.

Байқауға тіркелген 42 қатысушы үш кезең бойынша бақ сынады. Финалға үздік деген 14 қатысушы өтіп, аспаздық және кондитерлік бағыттар бойынша сайысқа түсті.

Аспаздық бағыт бойынша қатысушыларға 1 сағат ішінде үш тамақ және бір салат әзірлеу тапсырылды. Сайыста I орын Шамшат Ардақ, II орын Манасов Данияр және III орынды Султанбек Азамат иеленді. Жүлдегерлер арнайы диплом және демеуші қолдауымен қаржылай сыйлықтарға ие болды.

Кондитерлік бағытта қатысушыларға үш түрлі дәмді десерт дайындау тапсырылып, жеңімпаздар ерекше номинациялар бойынша марапатталды. «Үздік кондитер» – Шарипбай Жібек, «Ерекше дәм» – Жаксылыкова Надира, «Үздік безендіру» номинациясын Серік Аружан иеленді. Номинация иегерлері де демеуші қолдауымен қаржылай сыйлықтарға ие болды.

Барлық финалға өткен қатысушылар алғыс хатпен марапатталды.

Алдағы уақытта аталмыш шара өз жалғасын табатын болады және қаламызда аспаздық өнерге қызығушылығы бар жастардың тобын, өзара кәсібі вайб (профессиональный вайб) құру жоспарлануда.

Жас аспаздар сайысты
Жас аспаздар сайысты

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: