Дүйсенбі, 14 маусым, 23:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№46 (1748)
12.06.2021
PDF мұрағаты

«Жасыл Қазақстан»: Қызылордада үшжақты меморандум жасалды

22.04.2021

1714 0

Қызылорда облысының әкімдігі, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының» Жасыл қаржы орталығы» және «Еуразия даму банкі» араларындағы «Қызылорда облысында жасыл және әлеуметтік жобаларды іске асыруға бағытталған өзара тиімді ынтымақтастық орнату» туралы меморандум жасалды. Шарада аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова бүгінгі келісімнің өңірдегі экологияны, жасыл және әлеуметтік жобаларды жақсарту мәселелерінде алға қойылған мақсаттарды шешуге үлкен қолдау боларын сөз етті.

«Бүгінгі күні Президент тапсырмасына сәйкес Үкіметпен 2021-2025 жылдарға арналған «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының тұжырымдамасы әзірленуде. Оларды жүзеге асыру ғылым мен бизнестің әлеуетін біріктіруді, сондай-ақ қоғамның мемлекетпен, халықаралық ұйымдармен жүйелі диалог орнатуын талап етеді. Бүгін «Астана» халықаралық қаржы орталығының» еншілес ұйымы Жасыл қаржы орталығының бас директоры Айдар Қалымтайұлы Қазыбаев және Еуразия даму банкінің Басқарма Төрағасының орынбасары Аманкелді Сағандекұлы Исенов Қызылорда облысында жасыл және әлеуметтік жобаларды іске асыруға бағытталған өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға келіп отыр. Біздің өзара әріптестік орнатуымыз тиімді нәтижелер береді деп үміттенеміз», – деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

Шарада «Астана» халықаралық қаржы орталығының» еншілес ұйымы Жасыл қаржы орталығының бас директоры Айдар Қазыбаев осы ынтымақтастық аясында Сыр өңірінде бірнеше жобаны жүзеге асыруға ниетті екенін жеткізді.

«Біздің орталық әлеуметтік жобаларды дамытумен ғана шектелмейді, өзге де ірі жобаларды жүзеге асырамыз. Бүгінгі меморандум аясында біз Еуразия даму банкімен бірлесіп, мемлекеттік жекеменшік әріптестік тетігі арқылы Қызылорда облысында жасыл және әлеуметтік жобалардың санын ұлғайтуды көздейміз. Сондай-ақ Арал өңіріндегі экологиялық жобаларды іске асыру мәселесінде де жәрдемдесуге ниеттіміз. Өңірде ауылшаруашылық саласы ең маңыз ие, сондықтан біз осы салаға көп көңіл бөлеміз. Табиғи энергия көздерін де дамытуға күш саламыз», – деді Айдар Қазыбаев.

Ал, Еуразия даму банкінің Басқарма Төрағасының орынбасары Аманкелді Сағандекұлы Исенов меморандум шеңберінде облыстың экономикалық әлеуетін арттыру бағытында біршама жұмыстардың атқарылатынын айтты.

Үш жақты ынтымақтастықтың жобасы мен маңыздылығы талқыланғаннан соң, облыс әкімінің орынбасары Бақыт Жаханов, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының» Жасыл қаржы орталығының Бас директоры Айдар Қазыбаев және «Еуразия даму банкі» Басқарма Төрағасының орынбасары Амангелді Исенов маңызды құжатқа қол қойды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: