Дүйсенбі, 06 мамыр, 09:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

  Жасыл шырша жанында

26.12.2022

1406 0

Қала әкімі Асылбек Шәменовтің қатысуымен жаңа жылдық мереке ұйымдастырылды.

Қала әкімінің шыршасына жетім және мүмкіндігі шектеулі балалар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары шақырылды. Әрбір балаға қала әкімі мерекелік сыйлықтар табыстады.

– Қымбатты балалар, жаңа-жылдық мерекелерің құтты болсын! Сендер еліміздің жарқын болашағысыңдар. Біз сендерге үлкен үмітпен қарап, сенім артамыз. Сендердің жақсы жерде білім алып, үлкен азамат болуларыңа барлық жағдай жасалады. Жаңа жылда тілеген тілектерің қабыл, мұраттарың асыл болсын, балақайлар! Бүгін сендердің өз батырларың бар, шырша мерекесіне жаңа жылдық костюмдермен келдіңдер және міндетті түрде орындалуы тиіс ізгі ниеттеріңді ойладыңдар. Бастысы – жақсы оқу және білімге ұмтылу, терең білімнің арқасында ғана байтақ еліміздің лайықты азаматтары ретінде сүйікті қаламыздың дамуына өз үлестеріңді қосатын боласыңдар, – деді қала әкімі.

Аяз ата мен Ақшақар және түрлі мультфильмдегі кейіпкерлер жаңа жылдық қойылымның сәнін келтірді. Жаңа жылдық көрсетілімде бүлдіршіндер тақпақ айтып, би-биледі.

Олар тек білімімен емес, өнердегі жетістіктерімен көзге түскен. Тек өздерінің ғана емес, қаламыздың абыройын асқақтатқан жас көшбасшылар. Әрқайсысы дара дарын.

Сән-салтанатқа толы  мереке қонақтары алдымен театрландырылған бағдарламаны тамашалады. Кейін танымдық қойылымның көрермендерін Аяз ата мен Ақшақар қарсы алып, ойын-сауық әсем шыршаның маңында жалғасты. Жеткіншектер мерекелік тілектерін арнады.

Шара барысында балғындарға қала әкімінің арнайы дайындаған дастарханы тарту етіліп, бүлдіршіндер риясыз алғыстарын айтып жатты.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: