Дүйсенбі, 13 мамыр, 10:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
37-2047
11.05.2024
PDF мұрағаты

Жазасын өтегендерді қайта әлеуметтік бейімдеу – басты орында

25.11.2022

506 0

Қызылорда қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне қарасты Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығы ғимаратында қоғамнан оқшаулаумен байланысты шара өткізді.

Ұлт жоспарының «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін құру»  атты 33-қадамын іске асыру мақсатында   «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың Кешенді стратегиясы» бекітілді.

Мемлекет  бұл саясатты бірінші кезекте бүгінгі таңда орын алып отырған қылмыстылық деңгейін төмендету, яғни, қазіргі қылмыстылық атқару саясаты екі кезеңмен өткізілетін сотталғандарды әлеуметтендіруге бағытталған бағыттың бірі болып табылады. Сол себепті  осы сотталғандарды қайта әлеуметтендіру жобасы бойынша бірінші кезекте сотталғандарды қайтадан түзелу жолына түсіру, яғни, сотталғандарды  бостандыққа даярлау, екінші кезекте жазасын өтеп шыққаннан кейін жұмысқа орналыстыру болып табылады.

Сотталғандар тарапынан құқық бұзушылықты болдырмау және алдын-алу үшін пробация қызметінің есебінде тұрғандар мен жазасын толық өтеп шыққан азаматтар арасында «Салауатты өмір салтын насихаттау» мақсатында қол күресі мен кір тасын көтеруден спорттық іс-шара ұйымдастырылды.

Жарысқа қатысқан 23 адамның ішінен қол күресі мен кір тасын көтеруден бірінші, екінші, үшінші орын алған жүлдегерлер медальдармен және мақтау қағаздарымен марапатталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: