Сенбі, 20 сәуiр, 18:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Жол сапасы тексерілді

11.06.2021

1594 0

2021 жылғы 10маусым күні «Сапалы жол-Адалдық алаңы» жобасы аясында департаменттің ұйымдастыруымен,«Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының қызметкерлері, қоғам өкілдерімен бірлесіп Қызылорда қаласында 2020-2021 жылы салынған Жас Алаш және Жеңіс көшелеріне мониторинг жұмыстары жүргізілді.

«Сапалы жол-Адалдық алаңы» жобалық кеңсенің негізгі тұжырымдамасы автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту және жөндеу кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау кезеңінде азаматтық қоғаммен тығыз өзара байланыста ашық бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Аталған жоба аясында 2021жылы 4 айдың қорытындысымен 7 рет мониторингке шықты, 16 ақаулар анықталды. 

Жоғарыда аталған көшелерден «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының қызметкерлерімен тиісті сынамалар алынып, жол сапасын зертхананың қортындысынан кейін қосымша хабарлайтын боламыз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: