Жұма, 19 сәуiр, 08:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Жол жөндеу жайы қалай?

13.04.2021

2835 0

Шаһар күннен күнге көркейіп, жаңа шағын аудандармен үлкейіп келеді. Есесіне халық жаңадан қоныстанған аумақта бар мүмкіндікті жасау керек. Оның үстіне қаланың ішкі-сыртқы келбеті де арнайы күтімді қажет етеді. Соның ішінде қаладағы жол мәселесі күн тәртібінен түскен емес. «Жол қашан салынады?» деп өз көшесіндегі жол жайын білгісі келетіндер бар. Осы тұста біз де жауапты мекемеге сауал жолдап, жол жөндеу жайын сұрадық.

«Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы» бөлімінің мәліметіне сүйенсек, өткен жылы қалада 109 көше жөнделген.

– 2020 жылы «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы аясында республикалық бюджет есебінен қаламыздағы жалпы ұзындығы 75,9 шақырым болатын 109 көше және ұзындығы 3,3 шақырым болатын 2 елді мекеннің кіреберіс жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, – деді бөлім басшысы Біржан Далабайұлы. Жол жөндеу барысында тұрғындар ұсынысы ескеріліп, халық жиі мәселе етіп көтерген әл-Фараби 9, 10, 11, Әшірбеков пен Талап көшелері де бар. Сонымен қатар Бірқазан мен Бәйтерек елді мекендерінің кіре беріс жолдары жөнделді.

Бұдан бөлек қалалық бюджет есебінен ұзындығы 22 шақырым болатын 36 көшеге асфальт төселген. Сондай-ақ қала аумағындағы 36 көшеге жарық бағаналарын орнату үшін қалалық бюджеттен арнайы қаражат бөлініп, биыл да жалғасын таппақ.

Ал биыл қала бюджетінен 67 көшеге қиыршық тас төсеуге қаржы бөлінген. Ендігі кезекте мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, оның нәтижесі күтілуде. Ал жөндеу жұмыстары өткен жылы бастау алған 16 көшеге асфальт төсеу биыл толық аяқталмақ. Мәселен, Қорқыт 6, Ш.Қалдаяқов, Арай, Шұғыла көшелеріне қиыршық тас төселмек.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: