Қазгидромет 26 мамырға арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронталды бөлімдердің өтуімен елдің батысында, солтүстігінде, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында найзағайлы жаңбыр жауады.
Ал республиканың қалған аймақтарында Солтүстік антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз, ашық ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, батыста, оңтүстікте – шаңды дауыл сақталуда.
Атырау облысының басым бөлігінде, Павлодар облысының шығысында, Қызылорда облысының шығысы мен орталығында, Қарағанды облысының шығысында, Ұлытау облысының орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі, Қостанай облысының басым бөлігінде жоғары төтенше өрт қауіпі сақталады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!