Сәрсенбі, 24 сәуiр, 03:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Әлемдік дағдарыс: себеп пен салдар

23.01.2021

17975 0

Пандемиядан кейінгі 4-5 жыл әлемдік экономикада дағдарыс болады. Нарықтағы шикізат бағасының төмендігі, қарыз мәселесі, ақша саясатының жұмсаруы дағдарысқа алып келеді. Бұл туралы Давоста өткен дүниежүзілік экономикалық форумда айтылды.

Сарапшылардың пікірінше, алдағы 5-10 жылда негізгі қиындықтар геосаясат пен жаңа технологияларды игерудің нәтижесінен болады деп болжанған.
Жұқпалы аурулар, климаттың өзгеруі және экологияға байланысты өзге де мәселе алдағы он жылдықтың негізгі проблемаларына айналады. Әлемді ойландыратын бұл дағдарыс туралы болжам 650 сарапшы қатысқан сауалнама негізінде дайындалған. Сауалнамаға қатысқан сарапшылардың айтуынша болашақта дағдарыстың себебі цифрлық ресурстар, мемлекеттер арасындағы цифрлық бәсеке, цифрлық теңсіздік, кибершабуыл және пандемиядан кейінгі әлеуметтік жағдайлар әсер етеді деп түйіндейді. Сонымен қатар сарапшылардың басым бөлігі табиғи апаттарды атап айтқан. Алдағы екі жылда жұқпалы аурудың көбеюі, жұмыссыздық, табиғи апат, кибершабуыл және цифрлық теңсіздік негізгі мәселеге айналады. Сондай-ақ сарапшылар жұмыс орындарының қысқаруы тұрғындардың экономикалық белсенділігін тым төмендетіп жіберетінін ескертеді. Автоматтандыру, цифрлық технологияның қарыштап дамуы, жұмысшы күшінің қажет болмауы еңбек нарығындағы теңсіздікке әкеледі.
Алдағы 3-5 жылда әлемдік мәселеге айналар тақырып – активтердің құнсыздануы, инфрақұрылым сапасыздығы, баға тұрақсыздығы, шикізат нарығы мен қарыз дағдарысы.
Дүниежүзілік экономикалық форум сарапшылары экономикалық дағдарыспен қатар, психологиялық дағдарысты да атап айтады. Психологиялық дағдарысты негізінен кейінгі толқын бастан өткереді. Себебі олар оқуын бітіріп, еңбек нарығынан өз орнын іздей бастайды. Егер олар жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізе алмаса, қоғамда сенім жоғалады деп ескертеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: