Жұма, 27 желтоқсан, 08:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Әнші емеспін». Сақал қойған Рүстем Жүгінісов басқа жолды таңдады

04.08.2023

1063 0

Әнші Рүстем Жүгінісов оқырмандарын қызықтырған сұраққа жауап берді. Ол қазір әнші емес екенін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Рүстем Жүгінісов Instagram-да інісі «Мирас Жүгінісовпен фит жазу ойыңызда бар ма» деген сұраққа жауап берген. Жүгінісовтің айтуынша, оған мұндай сұрақ қойылмағалы біраз болған. 

«Күлейін бе, жылайын ба? Мұндай сұрақтар қоймағалы біраз болған еді, негізі. Сіздер білесіздер ме, мен ән айтпай, әнді тастағаныма екі жыл болғанын. Мына түріммен қалай мен Мираспен фит жазамын», – дейді Жүгінісов сақалын ұстап.

Ол басқа жолды таңдағанын айтады.

«Болды мен басқа жолды таңдадым. Мен әнші емеспін қазір, сондықтан да біліп жүріңіздер Мираспен фит жазбайтынымды», – дейді Жүгінісов.

Видеоға пікір қалдырған Желі қолданушылары оны танымай қалғанын айтқан. 

«Танымай қалдым», «Әнге қарсысыз ба қазір?», «Бұл кім? Қандай ән айтады?», «Рүстем сіз керемет әншісіз», – дейді қолданушылар. 

Әншінің әлеуметтік желідегі парақшасынан дін жолына бет бұрғанын байқауға болады. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: