Жексенбі, 05 мамыр, 14:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Айшаның асқабақтан жасаған эко сабыны

11.01.2023

3387 0

Қаладағы Ә. Мүслімов атындағы 101 мектептің 5 сынып оқушысы Айша Тұрмахан асқабақ дәніне зерттеу жасап, ағзаға зиянсыз эко сабындар шығаруда. Оның бұл жобасы республикалық Зерде сайысында жоғары баға алып, І орынды иемденген.
Айшаның айтуынша, бұл жобаны жүзеге асыруға биология сабағында өткен көкөністер туралы тақырып себеп болған. Онда асқабақтың адам ағзасына біз біле бермейтін пайдалы тұстары айтылады. Осыдан соң, жетекшісі Мөлдір Қалдыбекпен бірге эко сабын шығаруды көздейді. Табиғи өнімдер құрамында асқабақ шырыны, теріге қажет түрлі витаминдер, табиғи таза майлардың қоспасы бар.
Ізденімпаз ұстаз бен шәкірт экологиялық таза өнім шығаруды бұдан әрі дамыта түспек. Енді олар теріге пайдалы кремдер мен скраб шығаруды жоспарлап отыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: