Сейсенбі, 31 желтоқсан, 03:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№103 — 2113
31.12.2024
PDF мұрағаты

Азық-түлік бағасына мониторинг жасалды

29.07.2022

1103 0

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанынан құрылған аймақ бойынша азық-түлік тауарларының бағаларына сараптама жүргізу жөніндегі мониторингтік топ мүшелері қаладағы бірқатар сауда орындарында болып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы, сапасы мен қамтамасыз етілуі бойынша бақылау жүргізді.

Арнайы жасақталған мониторингтік топтың құрамында партия жанындағы экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің және партиялық бақылау комиссисының мүшелері, бастауыш партия ұйымының төрағалары мен белсенділері, БАҚ өкілдері бар.

Сараптама барысында сауда орындарындағы халыққа қажетті өнімдер жеткілікті екенін анықталды. Осы орайда топ мүшелері кәсіп иелеріне бағаларды тұрақты ұстап тұруға және бағаны негізсіз көтеру жауапкершілікке тартылатыны жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Алдағы уақытта партия тарапынан өңірдегі сауда орындары мен базарлардағы тауарлардың бағасына тұрақты бақылау және талдау жұмыстары жүргізіліп тұрады.
Мұндай қоғамдық бақылау жұмыстары бүгін барлық аудандарда өткізілуде.

Азық-түлік бағасына мониторинг жасалды

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: