Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Президент паркінде ағаш отырғызу сенбілігі ұйымдастырылды.


Аталған акцияға облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов пен мәслихат депутаттары, сондай-ақ, мәслихат аппаратының қызметкерлері белсене қатысты.
Шара аясында қатысушылар қоршаған ортаны сақтау, қаланың экологиялық ахуалын жақсарту және жасыл желектер санын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарып, көптеген ағаш көшеттерін отырғызды.


Сенбілік барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен тікелей телемост ұйымдастырылып, еліміздің әр өңірінде жүзеге асырылып жатқан экологиялық бастамалар бір ортақ эфирде тоғысты. Бұл өз кезегінде аталған шараның ауқымын кеңейтіп, табиғатты қорғау бағытындағы жұмыстардың өзара сабақтастығын айқындай түсті.
Маңызы зор бұл бастама – табиғатқа жанашырлық мәдениетін орнықтыруға, қоғамдағы экологиялық жауапкершілік деңгейін көтеруге бағытталған маңызды қадам. Осындай бастамалар өңірдің дамуына серпін беріп, табиғаты көркем, экологиялық тұрғыдан қолайлы орта қалыптастыруға жол ашуда.



Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
