Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 02:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Елімізде тағы екі мереке күні пайда болады

17.12.2022

1097 0

Сурет дереккөзден

Елімізде Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шығарылған күні мереке ретінде белгіленуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізіміне толықтыру енгізілетін Үкіметтің қаулысы дайындалды. Құжат 28 желтоқсанға дейін Ашық НҚА сайтында жарияланды

1. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг органдарының күні – 28 қаңтар; 

2. Ауғанстан Демократиялық Республикасынан кеңес әскерінің шектеулі контингенті шығарылғаннн күн – 15 ақпан.  

Белгілі болғандай, қаржылық мониторинг органдарының кәсіби мерекесін бекіту қызметкерлер мен жұмысшылардың бірлестігіне жіберілген. 

Еске сала кетейік, 1988 жылы Женева келісіміне қол қойылғаннан кейін кеңес әскерлерін Ауғанстаннан шығару басталған еді. 1989 жылы 15 ақпанда оның аумағынан шекаралық әскерлердің барлық арнайы бөлімшелері шықты.

Ауғанстандағы әскери қақтығысқа 22 296 қазақстандық қатысқан. Қазір ел аумағында 15 мыңнан астам интернационалист-жауынгер тұрады. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: