Жұма, 29 наурыз, 12:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Ерекше жандарға қолдау бар

22.02.2022

1366 0

Мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселелеріне зейін қойып, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени өмірге белсенді араласуын қамтамасыз ету аса маңызды. Бұл мақсатта қала әкімдігі тарапынан жоспарлы шаралар жүзеге асырылуда.

Мәселен, қала әкімі Ғанибек Қазантаев өткен аптада «Бақытты отбасы» филиалына барып, «Қызылорда қалалық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің жұмысымен танысты. Бірлестік жетекшісі Сәкен Алдашбаев мекемедегі мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кабинеттерде атқарылатын қызметтерге шолу жасап, бірқатар ұсынысын да жеткізді.

Аталған ұйым «Қолөнер шеберлері», «Өнерпаздар» тобын құрып, түрлі шара ұйымдастыруда. Соның бірі – қолынан іс келетін мүмкіндігі шектеулі жандардың қолөнер бұйымдарының көрмесі. Бірлестік мүшелері өздерінің туындыларын жәрмеңкеде сатуды көздеп отыр. Шаһар басшысы бұл ұсынысқа байланысты жәрмеңке өткізетін орын белгілеп, оған өзінің де баратынын айтты.

Орталықта тігін шеберханасы да бар. Шеберхана иесі Мәдина Темірбаева өткен жылы мемлекеттік грантты жеңіп алып, кәсібін бастаған. 584 мың теңгенің қайтарымсыз грантын иеленген ол 6 адамды жұмыспен қамтып, қала халқынан түскен тап-сырыстарды орындауда. Қала әкімі Ғанибек Қазантаев бұл орын қызылордалық қыз-келіншектерге тігін тігудің қыр-сырын үйретер орталыққа айналсын деп, іскер кәсіпкерге тілектестігін білдірді.

А.БІРКЕНОВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: