Жұма, 11 қазан, 19:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

Корей этносының мәдени күні өтті

01.11.2022

947 0

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының  қолдауымен корей этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен корей этносының мәдени күні болып өтті.

Достық үйінің фойесінде көрме ұйымдастырылды. Келген қонақтар корей этносының асханасынан дәм татты.

Шараға облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов, Корей Республикасынан келген делегация, этномәдени бірлестіктің жетекшілері және белсенді мүшелері, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жастары және БАҚ өкілдері қатысты.

Мерекелік шара өңірлік корей бірлестігінің атқарған ауқымды жұмыстары көрініс тапқан бейнероликпен басталды.

Мәдени күн аясында облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов сөз сөйледі.

«Сыр өңірі – атам заманнан сан ұлт өкілі бас қосқан, бақыт тапқан мекен. Бүгінгі күні біздің өңірде 35 түрлі этнос өкілдері бар. Соның ішінде, корей халқы 85 жылдан астам осынау қазақ өлкесінде өмір сүруде. Бұл жай ғана оқиғалардың, күндердің тізбегі емес,  ол – өзара бірлесіп өткізілген өмір, ортақ тарих»,-деді.

Кореядан келген мәртебелі меймандар сөз сөйлеп, корей бірлестігінің игілікке толы жемісті жұмыстарын атап, ризашылықтарын білдірді.

Корея Республикасы Парламентінің депутаты, Хон Бом До қорының директоры У Вон Сик қызылордалық корейлердің ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі ерекшелігі, мәдениет пен дәстүрге деген құрметін айрықша атап өтті.

Сондай-ақ корей халқының әртүрлі жанрдағы би, әнін, жергілікті корей этномәдени бірлестігі өнерпаздарының өнерін тамашалады.

Айта кету керек, «Қазақстан корейлер қауымдастығы» Қызылорда облыстық қоғамдық бірлестігі 1989 жылы 28 қазанда құрылды. Бүгінгі күні елімізде 100 мыңнан астам корейлер өмір сүруде. Ал Сыр өңірінде 8 мыңға жуық корей өкілдері тату тәтті, бірлік пен ынтымақта ғұмыр кешіп келеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: