Жұма, 19 сәуiр, 07:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда 1 ақпаннан бастап не өзгереді

01.02.2021

6568 0

Осы айдың ең басты жаңалығы – коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау. Сондай-ақ, 1 ақпаннан бастап кейбір банкноттар жарамсыз болады

Жаппай вакцинация
Бүгін, 1 ақпан Қазақстанда жаппай вакцинациялау басталды. Инфекцияны жұқтыру және тарату қаупі жоғары халықтың осал топтарына кезең-кезеңмен ресейлік «Спутник V» вакцинасы егіледі. Вакцинациялау ерікті түрде және тегін салынады.

Бірінші кезеңде:

Инфекциялық ауруханалар, жедел жәрдем, реанимация бөлімшелері, науқастарды қабылдау бөлмесі, алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметінің медицина қызметкерлері, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жұмысшылары;
екінші кезеңде:

жалпы білім беретін мектептер, жоғары оқу орындарының педагогтері, медициналық қызметтің жұмысшылары;
үшінші кезеңде:

мектеп-интернаттар, мектепке дейінгі мекемелердің педагогтері, созылмалы аурумен ауыратындар.
Айта кететін жәйт, «Спутник V» 18 жасқа дейінгі балаларға салынбайды. Яғни, екпе Қазақстанның кәмелет жасына толған азаматтарына ғана салынады.

Денсаулық сақтау министрлігі жыл соңына дейін 6 миллион қазақстандыққа вакцина салуды жоспарлап отыр.

Кейбір банкноттар енді жарамсыз
1 ақпанда 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдау және айырбастау мерзімі аяқталады.

Жеке тұлғалар банкноттарды Ұлттық банктің филиалдарында ғана айырбастай алады.

1 ақпаннан кейін Ұлттық банк ескі банкноттарды қабылдауды және айырбастауды тоқтатады.

Нұр-Сұлтаннан Талдықорғанға әуе рейстері ашылды
Qazaq Air әуе компаниясы 1 ақпаннан Нұр-Сұлтан – Талдықорған бағдары бойынша әуе рейстерін жандандырады.

Ақпан айында аптасына үш рет – дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері ұшуға болады. Одан кейін рейстер күн сайын орындалады деп жоспарлануда. Билет құны 12 500 теңге және одан жоғары. 14 жасқа дейінгі балаларға 50% жеңілдік жасалады.

Дүйсенбі күнгі кесте:

Нұр-Сұлтан (11:40) – Талдықорған (13:00)
Талдықорған (14:00) – Нұр-Сұлтан (15:40)
Сәрсенбі күнгі кесте:

Нұр-Сұлтан (08:50) – Талдықорған (10:40)
Талдықорған (11:20) – Нұр-Сұлтан (13:10)
Жұма күнгі кесте:

Нұр-Сұлтан (12:00) – Талдықорған (13:50)
Талдықорған (14:40) – Нұр-Сұлтан (16:40).
Кейбір сайттар істен шығуы мүмкін
1 ақпаннан бастап азаматтар Қазақстан аумағынан тыс серверлерде орналасқан, «.KZ» және .ҚАЗ» домендік атауы бар сайттарға кіре алмауы мүмкін.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, егер сайт республика аумағынан тыс серверде орналасса, қазақстандық интернет кеңістігінде домендік атауды қолдану уақытша тоқтатылады.

sputnik.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: