Сенбі, 27 сәуiр, 04:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада жел күшейеді

04.06.2021

807 0

Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалында болғандықтан, құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Кей жерлерде найзағаймен жаңбыр күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, Республиканың орталығында қатты жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, шаңды дауыл күтіледі.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарында, Палодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20, екпіні 25 м/с күшеюі күтіледі, шаңды дауыл болды, бұршақ жаууы ықтимал.

Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20, екпіні 25 м/с күшеюі күтіледі, шаңды дауыл болды, Түркістан облысында дауыл болады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл болды, бұршақ жаууы ықтимал. Ақтөбе, түнде Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Қызылорда, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Түркістан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық сақталады.

Қызылорда, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Алматы облыстарында, Атырау, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде, Ақмола облысының жекелеген ауданында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: