Бейсенбі, 28 наурыз, 13:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Судың да сұрауы бар

23.04.2022

1446 0

Жаз басталса, қалада ауыз су мәселесі күн тәр­тібінен түспейді. Әсіресе, көпқабатты үй тұр­ғындары үшін су қат дүниеге айналады.

Бүгінде қала тұрғындарын Қызылжарма және Қызылорда жер асты су кені  арқылы ауыз сумен қамтамасыз етуде. Тәулігіне 58 ұңғымадан тәулігіне 70 мың текше метр ауыз су өндіріліп тұтынушыға таратылып отыр.

– «Қызылорда су жүйесі» кәсіпорнының теңгерімінде барлығы 107 ұңғыманың 74-і жұмыс істейді. Ал 12 ұңғыма резервте, 17-і күрделі жөндеу жүргізілуде. Ауыз суға қатысты барлық мәселе қаладағы аяқ судың толық шешілмеуінен туындап отыр. Өйткені тұтынушылар ауыз суды бау-бақша мен жасыл желекті суаруға пайдалануда. Жыл сайын мамандар жергілікті халыққа түсіндірме жұмысын жүргізеді.  Негізі ауыз суды бақша суару үшін түнгі сағат 23:00-ден таңғы 06:00-ге дейін пайдалану қажет. Себебі халық суды күндізгі уақытта көп пайдаланғандықтан ауыз су қысымы төмендеп, көпқабатты тұрғын үйлерге көтерілмей тұр. Мұндай жағдайлар жеке секторлар қоныстанған аумақта да кездесуде. Қазіргі кезде сол жағалауға ауыз су «Арай» су алу құрылымынан берілуде. Ол жақта барлығы көпқабатты үй болғандықтан су қысымының жетіспеушілігі туралы шағым жоқ. Өйткені онда аяқ су ретінде ауыз суды қолданатын жер үйлер жоқ. Әйтпесе, өткен жылы дәл осындай мерзімде тәулігіне 50-54 мың текше метр ауыз су берілді. Ал қазір 70 мың текше метр жіберілуде. Осыған орай қазір су ысырабына жол бермеу үшін кәсіпорынның қызметкерлері күнделікті рейд жұмыстарына шықты. Нәтижесінде заң бұзушылықтар дер кезінде анықталып қалыпқа келуде», – деді «Қызылорда су жүйесі» мекемесі басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Өтепов.

Сондай-ақ ауыз суды үнемдеуді тұтынушыларға түсіндіру мақсатында әлеуметтік желілер арқылы түрлі бейнероликтер көрсетілуде.

Ақмарал ҚАДЫРХАНҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: