Жұма, 29 наурыз, 02:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Тәуелсіздікке тарту: Сыр өңірінде 130 сәби дүниеге келді

21.12.2021

953 0

Тұтас ел Тәуелсіздіктің 30 жылдығын тойлап жатқанда, Сыр өңірінде 130 сәби өмір есігін ашты. Енді олар туу туралы куәлігіне жазылған атаулы күн – 16 желтоқсанды жыл сайын ұлық мерекемен қатар тойлайды.

Мереке қарсаңында нәрестелерге Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сүйінші» сыйқорабын тарту етілді. Онда бөбектерге қажетті заттар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау тілегі жазылған ашық хат және «Тәуелсіз Қазақстанға 30 жыл» монетасы салынған.

– Айналайын, бөбек! Сенің туған күнің еліміздің ең басты мерекесімен тұспа-тұс келді. Өзің дүние есігін ашқан кезде халқымыз қастерлі Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтіп жатты. Саған бақытты әрі ұзақ ғұмыр тілеймін», – деп жазылған Президенттің құттықтауында.

Аталған сыйды қала әкімдігі мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» облыстың филиалы бірлесе тарту етті. «Ана мен бала» орталығына арнайы құттықтап барған қала әкімінің орынбасары Бектас Нұридинов үшемдермен толыққан отбасыға қоларба сыйлады. Сонымен қатар егіздерді дүниеге әкелген отбасыға қоларба Айнұр Шорабекқызы бастаған ұжымнан тарту етілді.

Ақмарал ОЛЖАБАЙ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: