Сейсенбі, 29 сәуiр, 22:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31,2144
29.04.2025
PDF мұрағаты

Үш жасар бүлдіршін анасын іздеп үш шақырым жаяу жүрген

29.04.2025

166 0

Фото: ©Pixabay.com

Түркістан облысы Төле би ауданында болған оқиға жергілікті тұрғындар мен тәртіп сақшыларының назарын аудартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция мәліметінше, таңғы уақытта жергілікті тұрғындардың бірі Леңгір қаласындағы көшелердің бірінде жеңіл киім киіп, аяқ киімсіз жүрген баланы көріп, құқық қорғау органдарына хабар берген.

Жағдайды анықтай келе, баланың үйден өзі шығып кеткені белгілі болды. Анасы таңертең жұмысқа кетіп, баланы туыстарына қарауға қалдырған. Алайда бала ең бірінші болып оянып, ересектерді таппаған соң анасын іздеуге көшеге шығып кеткен. Осылайша, ол шамамен үш шақырым жаяу жүрген.

Нұрбек Арапбаев есімді тұрғынның көмегімен бүлдіршін полиция бөліміне жеткізілді.

Кейіннен баланың анасының жеке тұлғасы анықталды. Бала анасына тапсырылды, – деп хабарлады Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: