Сейсенбі, 16 сәуiр, 09:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Жауынгерлік рух

06.05.2022

1251 0

7 мамыр – Отан қорғаушылар және 9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында облыстық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен Ғ.Мүсіреповтің 120 жылдығы аясында автордың «Қазақ солдаты» романын талдау бойынша әскери-патриоттық дәріс өтті.

 Қазақ әдебиетіндегі тұңғыш әскери роман «Қазақ солдаты» – талай жауынгердің рухын жанып, намысын қайраған кесек туынды. Ал романды бүгінгі заман жауынгерлерінің білуі – бұлжымас шарт.

Шараны ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша Департаменті бастығы Бауыржан Әбсаматов ашып, аталмыш көркем шығарманың әскерилер өміріндегі мән-маңыздылығана тоқталып өтті.

Облыстық тілдерді оқыту орталығы директорының міндетін атқарушы Айдана Махамбет шараның идеологиялық маңыздылығына тоқталып, романның жас жауынгерлерге берер рухани тұстарын атап өтті. Бұдан әрі орталықтың мемлекеттік тіл оқытушысы Әсел Бақытова жазушының өмірі мен қызмет жолына шолу жасады.

Шығармада көтерілген басты мәселеге байланысты және кейіпкерлеріне блиц-cауалнама негізінде талдау жасалып, көркем туындыда кездесетін архаизмдерге байланысты пікір алмасты.

Шара қорытындысында тілдерді оқыту орталығы атынан үздік қатысушыларға дипломдар табысталды.

Тағылымды шара облыстық тілдерді оқыту орталығының «Мемлекеттік тілді деңгейлік оқыту» курсы аясында ұйымдастырылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: