Бейсенбі, 25 сәуiр, 15:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Жолдау аясындағы кездесу

22.09.2022

692 0

Бүгін «Сыр медиа» ЖШС-нің брифинг залында «AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Шәріп Әбдрахманов, Қызылорда қалалық маслихат хатшысы, «AMANAT» партиясы қалалық филиалы Саяси кеңес Бюросының мүшесі Ибадулла Құттықожаев «Сыр медиа» академиясында БАҚ өкілдерімен кездесті.

Кездесуде мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын мақсаттар талқыланды.

Жиында «AMANAT» партиясы Қызылорда халалық филиал атқарушы хатшысы Шәріп Әбдрахманов жолдаудың маңыздылығына тоқталды.

Сондай-ақ қалалық мәслихат хатшысы Ибадулла Дүйсенбайұлы Жолдауда көтерілген басым бағыттарға тоқталып, өз пікірін ортаға салды.

Өз кезегінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері өңірімізде егілетін ауылшаруашылық өнімдерін өз өңірімізде өңдеу, өндіріс орындарын дамыту, жаңадан жұмыс орындарын ашу мәселелеріне баса назар аудару керектігін айтты. Айтылған ұсыныс-пікірлер партия филиалы назарға алатындарын жеткізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: