Жексенбі, 22 желтоқсан, 18:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

136 әкімшілік іс қаралды

10.10.2021

923 0

Аймақтың мамандандырылған әкімшілік соты ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап әкімшілік істерді қарау жұмысын бастады. Бүгінде 136 әкімшілік іс қаралып, 49-ына шешім шығарылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Гүлжан Мырзатаева мәлімдеді.

«Қазіргі таңда, әкімшілік істер жаңа принциптермен қаралады. Сондай-ақ, соттың заңды күшіне енген сот актілері, соттар мен судьялардың тапсырмалары, шақырулары, сұрау салулары, басқа да жолданымдары барлық мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін өзі басқару органдар, барлық тұлғалар үшін міндетті. Сот шешімдерінің орындаулы соттың ұдайы бақылауында болады. Жауапкер соттың шешімін, татуласу рәсімдерін жүргізу нәтижесінде жасалған келсімдерді бекіту туралы ұйғарымды орындамаса, оған 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Ал екінші рет қайталанса тағы да шаралар көріледі»,-деді Гүлжан Жалғасбайқызы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: